Басты бет Қазақстан жаңалықтары Қазіргі Қазақстан жастарының құндылықтары мен қызығушылықтары: халықаралық ғылыми семинар қорытындылары

Қазіргі Қазақстан жастарының құндылықтары мен қызығушылықтары: халықаралық ғылыми семинар қорытындылары

by Камилла Кәрім

views 30
cover

2026 жылғы 27 қаңтарда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Астана және Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институты Сеул бірлесіп «Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Ғылыми семинар барысында Қазақстан, Оңтүстік Корея және Түркия зерттеушілері өз елдеріндегі қазіргі жастардың ерекшеліктерін, өмірлік құндылықтары мен басымдықтарын, әртүрлі ұрпақтардың қызығушылықтары мен мақсаттарын талқылады. Қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап іздеді: жас буынның құндылықтары мен бағдарлары қандай, жастар үшін не маңызды, олардың қызығушылықтары қандай, ұрпақтар бір-бірінен несімен ерекшеленеді, болашақ туралы түсініктері қандай, болашақтың адамдары кімдер.

Семинарда келесі баяндамалар ұсынылды:

Санчел Ким, профессор, Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институтының ғылыми қызметкері, «Корея Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндегі Қазақстан және Өзбекстан миллениал ұрпағының ерекшеліктері»;

Шаймерденова Сабина Ануарбекқызы, әлеуметтану магистрі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Әлеуметтанулық зерттеулер және болжамдау басқармасының басшысы, «Қазақстан жастары: келбеті, құндылықтары, болашағы»;

Анар Сомунджуоғлу, қауымдастырылған профессор, Хаджеттепе университеті, «Түркияның қазіргі жастары»;

Қаламқас Есімова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Astana IT University, «ҚХР-дағы жастарға қатысты социологиялық зерттеулер».

Семинарға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Отандастар қоры» КЕАҚ, Astana IT University, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мемлекеттік басқару академиясы, Қытай зерттеушілері қауымдастығы.

Ғылыми семинардың модераторы – Ракишева Ботагоз Ислямовна, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті.