Басты бет СҚО жаналықтары Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы мекемелерінде заң бұзушылықтар анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығы мекемелерінде заң бұзушылықтар анықталды

by Камилла Кәрім

views 29
cover

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау бойынша жүргізген тексеріс барысында орман шаруашылығы мекемелерінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталғанын, деп хабарлайды SKO24.kz.

Прокуратура мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері 33 адаммен жасалған еңбек келісім-шарттары туралы ақпаратты Еңбек келісім-шарттарын есепке алу бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) енгізбеген. Бұл Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына қайшы болып, азаматтардың еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеуге және еңбек өтілі туралы ақпаратты растай алу құқығын бұзған.

Сонымен қатар, жұмыс уақытын есепке алу тәртібі бұзылған. Нәтижесінде кейбір қызметкерлердің жұмыс орнында болмаған күндері үшін жалақы есептеліп, төленген. Бұл, соның ішінде, олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған кезеңдеріне де қатысты.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 33 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді: еңбек келісім-шарттары туралы барлық ақпарат ЕСУТД жүйесіне енгізіліп, азаматтарға өз еңбек қызметі туралы ақпаратқа толық қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, бюджеттік қаражаттан негізсіз төленген жалақы сомалары қайтарылды, ал бұзушылық жасаған 19 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура еңбек құқықтарын сақтау және бюджеттік қаражатты заңды пайдалану бойынша тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Еске салсақ, жақында Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары білім беру саласындағы қызметкерлердің құқықтарын қорғаған еді. Сол кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің бұзушылықтары анықталып, заңмен көзделген төлемдер қызметкерлерге төленбеген. Прокуратуралық қадағалау актілері бойынша жауапты қызметкерлер заңнамаға сәйкес жауапқа тартылып, 128 қызметкерге жалпы 10 млн теңге төленді. Бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасуда.